
Прага, 2023 жылғы 5 қазан – Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чехия Президенті Петр Павелге сенім грамоталарын табыс етті.
Әңгімелесу барысында қазақстан-чех қатынастарын жан-жақты дамыту перспективалары туралы пікір алмасты. Елші Б. Дүйсенбаев сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаев бастамашылық еткен саяси және экономикалық өзгерістердің өзекті жай-күйімен таныстырды. Сондай – ақ, Орталық Азия-Еуропалық Одақ форматы шеңберінде және басқа да көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды күшейту жолдары талқыланды. Қазақстан дипломаты Қазақстанның сыртқы саясатының халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттарына бейілділігін атап өтті. Ағымдағы геосаяси жағдайды ескере отырып, тараптар экономикалық және көліктік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы туралы келісті.
Әңгіме соңында Чехия Президенті Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, қазақстан-чех қатынастарын одан әрі нығайту ісіне сәттілік тіледі.