Уругвайдын Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

Уругвайдын Қазақстандағы Елшісі  сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

Астана, 2023 жылғы 5 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Уругвай Шығыс Республикасының Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы ретінде жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Даниэль Кастильостың сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Уругвай арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы саяси диалогты кеңейту және іскерлік байланыстарды дамыту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.

Биыл Қазақстан мен Уругвай дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатуына 30-жылдығын толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Астана мен Монтевидео екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сенімді әріптестікті орнатты.