
Алматы, 2023 жылғы 4 қазан – Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына (ОАӨАҮО) қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің жыл сайынғы кезекті отырысы өтті. Оған құқық қорғау органдары мен сыртқы саяси ведомстволардың өкілдері қатысты.
Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы шеңберінде халықаралық есірткіге қарсы күн тәртібінің мәселелері қаралды. Тараптар ОАӨАҮО және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үйлестіру және ынтымақтастық жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Тараптар 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің келесі отырысын өткізуге келісті.
Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы Орталық Азиядағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі жалғыз мемлекетаралық құрылым.