Черногория Елшісі Қазақстандағы миссиясын аяқтайды

Черногория Елшісі Қазақстандағы миссиясын аяқтайды

Астана, 2023 жылғы 4 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Олжас Сүлейменов Черногория Елшісі Милорад Шчепановичпен кездесті.

Кездесу барысында соңғы жылдары қол жеткізілген саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берілді.

Атап айтқанда, ү.ж. 19 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория Президенті Яков Милатовичтің кездесуі екіжақты қатынастарының дамытуға қосымша серпін тигізгені атап өтілді.

Тараптар Қазақстан мен Черногория арасындағы саяси қатынастардың жоғары деңгейі сауда-экономикалық әлеуетті де іске асыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастырғанын атап өтті. Екі елдің өзара іс-қимылын нығайту мен дамытудың пәрменді тетігі саяси консультациялар болып табылады.

Туризм саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Астана мен Подгорица арасында тікелей әуе қатынасының маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін қолданыстағы визасыз режимі атап өтілді.

Анықтама: жыл сайын Черногорияға 40 мыңға жуық қазақстандық азамат турист ретінде барады.

Кездесу соңында О. Сүлейменов Черногория Елшісіне жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандырудағы белсенді қызметі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

М. Шчепанович Қазақстанағы миссиясы барысынды тұрақты қолдау мен қонақжайлық көрсеткені үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдіріп, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелердің барлық спектрі бойынша берік екіжақты қатынастары одан әрі дамытуға сенім білдірді.