Ауғанстан бойынша Мәскеу форматындағы 5-ші консультативтік кездесу өтті

Ауғанстан бойынша Мәскеу форматындағы 5-ші консультативтік кездесу өтті

Қазан, 2023 жылғы 29 қыркүйек – Татарстан астанасында Ауғанстан бойынша Мәскеу форматындағы 5-ші консультативтік кездесу өтті. Консультацияларға Ресей, Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы және Катар елдерінің өкілдері қатысты. Қонақ ретінде Ауғанстанның Сыртқы істер министрінің м.а. Амир Хан Муттаки бастаған жаңа әкімшілігінің делегациясы қатысты.

Кездесуді Татарстан Республикасының Раисы (басшысы) Рустам Минниханов қатысушыларды қабылдау сөзімен бастады. Іс-шара барысында Ауғанстандағы төңірегіндегі жағдай және оның аймақтық қауіпсіздікке әсері туралы жан-жақты пікір алмасу орын алды. Кездесуге қатысушылар бірауыздан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруды және бұл елдің де-факто үкіметімен одан әрі өзара іс-қимыл жасауды қолдады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев өз сөзінде жиналғандардың назарын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстандағы орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы бастамасына аударды. Отырыстың қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.