Астана, 2023 жылғы 27 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дорж Баярхуумен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін жан-жақты талқылады.
Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсухтің кездесуі қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.