ҚР СІМ-де БХӨЖ Тұрақты комитетінің Сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасарымен кездесу өтті

ҚР СІМ-де БХӨЖ Тұрақты комитетінің Сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасарымен кездесу өтті

Астана, 2023 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Бүкілқытайлық Халық өкілдерінің жиналысы (БХӨЖ) Тұрақты комитетінің Сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасары Хао Пинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде білім, туризм және мәдениет салаларындағы мәселелер бойынша пікір алмасты.

А. Бақаев сұхбаттасушыны елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қатынастардың жай-күйі туралы айтты.

Өз тарапынан Хао Пин Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға, еліміздің теңдестірілген сыртқы саясатына, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларға және қазақстан-қытай қатынастарының қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.