Қазақстан СІМ басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының СІМК бейресми отырысына қатысты

Қазақстан СІМ басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының СІМК бейресми отырысына қатысты

Нью-Йорк, 2023 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты.

Кездесу барысында ТМҰ-ға қатысушы елдердің СІМ басшылары ағымдағы жылдың 3 қарашасында Астанада өтетін ТМҰ 10-шы мерейтойлық саммитіне дайындық мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар, Ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

М. Нұртілеу ТМҰ елдерін аталған ТМҰ 10-шы Саммитімен қатар, 2023 жылы Қазақстанда өтетін ІІ Түркі Универсиядаға және 2024 жылы Көшпенділер ойындарына белсенді қатысуға шақырды.