
Астана, 2023 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың дамуы мен көпжақты форматтағы ықпалдастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.