Үндістанның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Үндістанның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Астана, 2023 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Үндістан Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нагендра Прасадтан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту перспективаларына ерекше басымдық бере отырып, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар ү.ж. IV тоқсанда Астана қаласында өтетін Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысына сапалы дайындықтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Үндістанның Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерін салуға өз дайындығын растады.