Астана, 2023 жыл 20 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Армения Республикасының Қазақстандағы Елшісі Армен Гевондянмен кездесті.
Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты және көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.