Қазақстан СІМ-де Қырғыз Республикасымен консулдық саладағы ынтымақтастық мәселері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Қырғыз Республикасымен консулдық саладағы ынтымақтастық мәселері талқыланды

Астана, 2023 жылғы 14 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Елшісі Дастан Дюшекеевті қабылдады. 

Кездесу барысында сұхбаттастар консулдық саладағы өзара іс-қимылды және екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. 

 Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар консулдық қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ниеттерін растады.