Астана, 2023 жылғы 14 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Эдвин Глусманмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының барлық өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылды талқылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтауға уағдаласты.