Астана, 2023 жылғы 13 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті.
Келіссөздер барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны әрі қарай дамытудың келешегін, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтарда, оның ішінде ИЫҰ және АӨСШК шеңберіндегі өзара ықпалдастықты жалғастыруға дайындықтарын мәлімдеді.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.