Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз отыз екінші отырысын өткізу туралы

Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз отыз екінші отырысын өткізу туралы

Алматы, 2023 жылғы 4-8 қыркүйек – Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз отыз екінші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітіп, мемлекеттік шекара сызығын оның түрлі учаскелерінде белгілеуге байланысты мәселелерді талқылады және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылауға кірісті.

Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қазанда Ресей Федерациясының аумағында өтеді.