ҚР Сыртқы істер министрлігінде Әзербайжанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Әзербайжанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астана, 2023 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстандағы Әзербайжан Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығының екіжақты және көпжақты саладағы өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамытудың келешегі туралы пікір алмасты.

Көпжақты құрылымдар, әсіресе түркі ұйымдары, АӨСШК, АҚИҰ, ЭЫҰ-мен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат халықаралық ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру маңыздылығын, соның ішінде мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі мен транзит-көліктік өзара байланысын нығайту қажеттігіне, ағымдағы әлемдік геосаяси және геоэкономикалық оқиғалардың аясында АӨСШК трансформациялау үрдісін жалғастыруды ерекше атап өтті.

Әзербайжан өкілі елдеріміздің экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық әлеуетін одан әрі дамыту үшін Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық ынтымақтастығының маңызыдылығын атап өтті.

Кездесудің соңында тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыста болуға уағдаласты.