ҚР Сыртқы істер министрлігінде Палестинамен ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Палестинамен ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды

Астана, 2023 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Палестинаның Қазақстандағы Елшісі, дипломатиялық корпустың дуайені Монтасер Әбу Зейдпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Палестина қарым-қатынастардың кең ауқымды өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтауға уағдаласты.