Қазақстан мен Румыния СІМ басшылары COVID-19 коронавирустық індетімен күресте бірлескен әрекеттерді талқылады

Қазақстан мен Румыния СІМ басшылары COVID-19 коронавирустық індетімен күресте бірлескен әрекеттерді талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 5 мамыр - Румыния тарапының бастамасымен Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Румыния Сыртқы істер министрі Богдан Аурескумен телефон арқылы сөйлесті.

Келіссөздердің жеке тақырыбы – екі елдің коронавирус індетінің таралуы кезіндегі бірлескен әрекеттері болды. Атап айтқанда, М.Тілеуберді румын тарапына Қазақстан азаматтарын қайтаруда көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Б. Ауреску Румынияның әуекомпанияларына медициналық тауарларды Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан тұрақты транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар сондай-ақ саяси байланыстарды жандандыруға, сауда, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге ерекше назар аудара отырып, кең ауқымды мәселелерді қозғады.

Атап айтқанда, 2020 жылдың екінші жартысында маңызды іс-шара ретінде Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 15-ші отырысы ұйымдастырылады, оның барысында өзара тиімді жобаларды іске асыру перспективаларын талқылау жоспарланған (көлік, логистика, фармацевтика, энергетика, агроөндірістік кешен, инфрақұрылымдық даму, туризм, білім беру).

Сонымен бірге, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Румыния экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі - «ҚазМұнайГаз Интернешнл» компаниясының қызметін жоғары бағалады.