Қазақстан Сыртқы істер министрі орынбасарының Оңтүстік Корея Елшісімен кездесуі туралы

Қазақстан Сыртқы істер министрі орынбасарының Оңтүстік Корея Елшісімен кездесуі туралы

Астана, 2023 жылғы 7 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Корея Республикасының Елшісі Чо Тэ-Икті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, мәдени-гуманитарлық және консулдық салалардағы қазақ-корей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ көпжақты форматтағы ықпалдастықты талқылады. Аса жоғары және жоғары деңгейде өтетін алдағы екіжақты іс-шаралардың кестесіне де ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолында тығыз диалогты жалғастыруға уағдаласты.