
Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі Қазақстанның Исламабадтағы Елшілігіне коронавирус індетін емдеу кезінде пайдаланылатын гидроксихлорохиннің 60 мың таблеткасын табыстады.
Дәрі-дәрмектер жуық арада Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі және медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС-ке табысталады.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бауырлас Пәкістан халқы мен үкіметіне достық ниеті мен ишараты үшін алғыс білдіреді және бұл елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухына сәйкес келеді.