Қазақстан СІМ басшысы Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілін қабылдады

Астана, 2023 жылғы 12 шілде – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумына қатысуға келген Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакаланы қабылдады.

Тараптар биылғы жылдың күзінде өтетін «ОА – ЕО» министрлік кездесуіне мазмұнды дайындықты қоса алғанда, «Орталық Азия – Еуропалық одақ» өңіраралық форматында екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйі мен перспективаларын және одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселесін талқылады.

Министр 2022 жылы Қазақстан бастамашылық еткен Орталық Азия елдері мен ЕО көшбасшыларының кездесулері өңіраралық практикалық диалогқа және оны одан әрі институттандыруға бағытталғанын атап өтті.

М. Нұртілеу Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, оның ішінде ЕО-ның «Global Gateway» стратегиясы шеңберінде ынтымақтастықты тереңдетудің өзектілігін баса айтты. Осы орайда Еуропалық даму және қайта құру банкінің Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланыстары бойынша соңғы зерттеуінің жариялануын құптады.

Т. Хакала өз тарапынан ЕО-ның Қазақстанмен, оның ішінде маңызды шикізат материалдары саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін және Орталық Азия өңірінің орнықты экономикалық дамуына ықпал етуге дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ, сұхбаттастар өңірлік қауіпсіздікті қоса алғанда халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.