Астана, 2023 жылғы 11 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісі Файсал Әл-Қахтаниді қабылдады.
Кездесу барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әрекеттестіктегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығышулық білдірді.