Астана, 2023 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Пәкістан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сайед Ахсан Раза Шахтың төрағалығымен Қазақстан-Пәкістан саяси консультацияларының 2-ші раунды өтті.
Саяси консультациялар барысында тараптар Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының қарышты динамикасы мен болашағын жоғары бағалады және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды әрі қарай кеңейту мен нығайтуға өзара ниеттерін растады.
Тараптар парламентаралық, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Көлік-логистика, білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде көпжақты құрылымдар шеңберінде, атап айтқанда АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ, ЭЫҰ шеңберінде пікір алмасу болды.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы әріптестікті әрі қарай нығайту мақсатында сыртқы саяси ведомстволар арасында тығыз диалогты жалғастыруға келісті.