Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2023 жылғы 20-21 маусымда Астана қаласында Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 20-шы халықаралық кездесу өтеді.
Ү.ж. 21 маусымда «Риксос» қонақ үйінде (Д. Қонаев көшесі 7) өтетін келіссөздер қорытындысы бойынша аталған кездесуге қатысушылардың пленарлық отырысына шақырамыз (басталу уақыты қосымша хабарланады).
Осыған орай аккредиттеу үшін ү.ж. 19 маусымда сағат 15:00-ге дейін қосымшадағы форманы толтырып, pressa.mfa.kz@gmail.com поштасына жолдауды сұраймыз.
Аккредитация сұрақтары бойынша +7 (7172) 72-02-36 нөміріне хабарласуға болады.