
НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 22 сәуір - Коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті тапсыру іс-шарасына қатысты.
АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік кіреді.
«СҚ-Фармация» ЖШС COVID-19 коронавирус індетімен күресу үшін Қазақстанға ұсынылатын барлық гуманитарлық көмекті алу және бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.