Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпуспен кездесу өтті

Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпуспен кездесу өтті

Алматы, 2023 жылғы 13 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өкілдігінде ҚР саяси ведомствосы басшысының орынбасары Қанат Тумыш оңтүстік астанада аккредиттелген шет елдердің бас консулдары мен консулдармен кездесті.

Кездесу барысында консулдық-құқықтық мәселелер, құрметті консулдар институтының қызметі, сондай-ақ сауда-экономикалық бағыттағы ынтымақтастық жайлы егжей-тегжейлі талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша осы сынды кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.