Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүшелігі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңдарын ратификациялау туралы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүшелігі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңдарын ратификациялау туралы

2020 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К. Тоқаевпен Қазақстан Республикасының бірнеше заңдарына қол қойылды.

  1. 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы.

Хаттаманы ратификациялау өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес ҰҚШҰ ҰҚК құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау өкілеттіктері берілген ҰҚШҰ – ға мүше мемлекеттің үкіметі басшысының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру үшін құқықтық негіз құрайды.

  1. 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы.

Заңды қабылдаудың негізгі мақсаты ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасарлары лауазымдарын атқаратын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдеріне болу елде дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті беру арқылы әлеуметтік қорғалуын арттыру болып табылады.

Бұдан басқа, ҰҚШҰ-ның Құқықтық мәртебесі туралы келісімге терминологияны ҰҚШҰ Жарғысының қабылданған редакциясына сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.

  1. 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы.

Хаттаманы ратификациялау өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес ҰҚШҰ ҰҚК құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау өкілеттіктері берілген ҰҚШҰ – ға мүше мемлекеттің үкіметі басшысының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру үшін құқықтық негіз құрайды. 

  1. 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы.

Заңды қабылдаудың негізгі мақсаты Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының жанындағы әріптес институтын құру және бақылаушы мәртебесін реттейтін нормаларды жетілдіру болып табылады.

 

Хаттамаларды іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.