Қазақстан мен Мажарстан сыртқы істер министрлері стратегиялық әріптестіктің даму перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Мажарстан сыртқы істер министрлері  стратегиялық әріптестіктің даму перспективаларын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 16 сәуір – Мажар тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөлейсті.

2020 жылы 10 сәуірде бейне-конференция форматында өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс Саммитінің қорытындылары келіссөздердің негізгі тақырыбы болды. Атап айтқанда, қазіргі COVID-19 пандемиясы жағдайында түркітілдес елдердің өзара әрі қарай белсенді әрекеттестігі сөзге тиек болды. Мажар тарапы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші мемлекеттер – Қырғызстан мен Тәжікстанға, - 5 мың тонна ұн жеткізу арқылы гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін жоғары бағалады.

Сұхбат барысында тараптар мәселелердің кең аясы бойынша стратегиялық әріптестікті қарқындатуға келісіп, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді.