Сыртқы істер Халық комиссариатынан бүгінгі күнге дейін: сабақтастық, прагматизм және табысқа ұмтылу

Сыртқы істер Халық комиссариатынан бүгінгі күнге дейін: сабақтастық, прагматизм және табысқа ұмтылу

13 сәуірде заманауи Қазақстанның сыртқы саяси бағытындағы жаңа тарихтың басталуына негіз болған Қазақ КСР-нің Сыртқы істер жөніндегі одақтық-республикалық халық комиссариатын құру туралы Заңның қабылданғанына 76 жыл толады.

Орталық Азияның жетекші және ірі республикаларының бірі – Қазақстанда сыртқы саяси және экономикалық кеңістікке өз бетінше шығуын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органды институттандыру процесі басталған шақта әлі Екінші дүниежүзілік соғыс барысында адамзатты фашизмнен азат ету үшін қанды шайқасы жүріп, барлық мемлекеттер үшін бейбіт болашақтың келешегі бұлыңғыр еді.

Аталған уақыттан бері әлем картасы айтарлықтай өзгеріп, Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Жақында елімізде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың бекіткен Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясатының жаңа Тұжырымдамасы қабылданды. Оның мазмұнында «Тәуелсіздік жылдары еліміз халықаралық сахнадағы ұстанымдарын нығайтты, бейбітшілік сүйгіш және ашық мемлекет, жаһандық және аймақтық істерде өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Қазақстан көпвекторлы, прагматикалық және белсенді сыртқы саясатын жүзеге асыру мәселесін басшылыққа алады. Қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму саласындағы жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыруға және оны іске асыруға қомақты үлес қосады. Бұл ретте, ұлттық мүдделерді жан-жақты қорғауға, сыртқы саяси және экономикалық басымдықтарды ілгерілетуге басты назар аударылады» делінген.

Заманауи Қазақстанның сыртқы саясатының өсуі мен жетістіктерін ескере отырып, оны құруға сүбелі үлес қосқан алғашқы Қазақстан КСР-нің сыртқы істер жөніндегі одақтық-республикалық халық комиссариатының тұлғаларын жатқызуға болады. Аталған ұйымның басшысы және министрлер кеңесінің орынбасары қызметін бір мезгілде атқарған Төлеген Тәжібаев, ҚазКСР Сыртқы істер министрі Малика Фазылова, сондай-ақ КСРО-ның Мали мен Мароккодағы Елшісі лауазымына тағайындалған Балжан Бөлтірікова – ҚазКСР алғашқы әйел Сыртқы істер министрі ретінде БҰҰ Бас Ассамблясының отырысында қазақстандық дипломатияны өкілеттік етіп, осы беделді ұйымда сөз сөйледі.

Қазақстан дипломатиясының жарқын тұлғаларына Моңғолияда Кеңесші-уәкіл болып қызмет атқарған Шайкен Надиров, Тунисте Кеңесші - уәкіл болған Роберт Турдиев, Иранда, Алжирде және Индонезияда Ибрагим Аманғалиев, Канадада Әлима Жамбуршина, Эфиопияда - Сәлім Құрманғожин, Тунисте - Нұрлан Даненов, Венгрияда - Д. Раимбеков, Венгрияда - Г. Руденко, Иранда - Төлеутай Сүлейменов, Үндістанда - Төлеген Тәжібаев, Йеменде - Болатхан Тайжан, Кубада - Б.Тымбаева, Австралияда - А. Черекаеваны жатқызуға болады.

Олардың тізбесін В. Гиззатов, Р. Жиенбаев, С. Ермекбаев, Б. Нұрғалиев, Қ. Сәрсенов секілді жас дипломаттар жалғастырды.

Қазақстан СІМ-нің іргелі базасы еліміздің қазіргі президенті Қ.К. Тоқаевтың ең жоғары халықаралық деңгейдегі дипломат ретіндегі тұлғасын қалыптастырды.

Елімізді басқару тізгінін алған тұста, Қ.Тоқаев 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді және тұрақты даму стратегиясында, «бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында қойылған мақсаттар мен міндеттерді бейнелейтін Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев белгілеген сыртқы саяси бағыттың сабақтастығы туралы жариялады.

Осы бағытты орындау Қазақстан СІМ-ге қазіргі барлық адамзат үшін күрделі жағдайда, халықаралық қатынастардың тұрақсыздығы жүйесінің, алдағы халықаралық қаржы дағдарысы мен COVID-19 пандемиясының ушығып тұрған кезінде өз функцияларын іске асыруды айтарлықтай тиімді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Алғашқы мақсат – өз елінен тыс жерде қиын жағдайға тап болған өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. ҚР СІМ-нің шет елдердегі мекемелері өкілдерінің жедел іс-қимылдарының арқасында болу елдеріндегі мемлекеттік органдармен және Қазақстан үкіметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, әлемнің 50-ден астам елінен 9667 адам Отанына қайтарылды.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет үшін бұл бағыт COVID-19 пандемиясының қарқынды таралуы жағдайында басымдыққа ие болды.

Бірақ бұл сыртқы саяси ведомство қызметінің бір ғана бағыты және алда - бірінші кезекте елдің тәуелсіздігін, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайтуға, сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтауға және Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасында белгіленген басқа да мақсаттар мен міндеттерге байланысты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу.

Алда күрделі міндеттер тұр, алайда Қазақ КСР СІМ-ге және кейін тәуелсіз Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылған қазақстандық Сыртқы істер Халық комиссариатының қызметіне тән тәжірибе мен сабақтастық алдағы уақытта барлық қиындықтар мен проблемаларды сәтті еңсеруге сенім береді.