
2020 жылғы 13 сәуірде қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті.
Аймақта COVID-19 коронавирустық індеттің таралуына қарсы әрекет ету, сондай-ақ Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін сақтау бойынша екі елдің қабылдап жатқан шаралары талқыланды.
Алдағы вегетациялық кезең қарсаңында Киров су қоймасынан және Нарын-Сырдария ГЭС каскадынан суды үздіксіз өткізу бөлігінде жоғары деңгейдегі бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан тарапына 5 мың тонна бидай ұнын жеткізу бойынша гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағаны үшін шынайы алғысын білдірді.