Қазақстан дипломаттары жыл сайынғы экологиялық айлыққа қатысты

Қазақстан дипломаттары жыл сайынғы экологиялық айлыққа қатысты

Астана, 2023 жылғы 29 сәуір – «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен қызметкерлері елордалық Ботаникалық бақтың аумағындағы жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Бұл акцияның мақсаты – қыс мезгілінен кейін қала аумағын тазарту және қала тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін қолайлы жағдай жасау.

Жалпықалалық сенбілікке сыртқы саяси ведомствосының 130-дан астам қызметкері, оның ішінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысты.

Ұжымға арнаған сөзінде М. Нұртілеу: «Қазақстандық дипломаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «жасыл» күн тәртібін сенбілік аясында да, өз қызметінде де толық қолдайды. Бәріміз бірге елордамыз бен елімізді одан да жасыл әрі жайлы өмір сүретін орынға айналдыра аламыз», - деп атап өтіп, дипломаттарға белсенділік танытқаны және өз қаласына бей-жай қарамағаны үшін алғыс білдірді.

Жыл сайын Астана қаласында 8 сәуірден 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық айлық өткізіледі, оның шеңберінде қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және қаланың белсенді тұрғындарын тарта отырып, коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылады.

Сенбілік Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті.