2020 жылдың 10 сәуірінде Түркі Кеңесінің мемлекет басшылары «COVID-19 пандемиясына қарсы күреске арналған бейнеконференциясын өткізеді.
Түркі Кеңесінің қазіргі Төрағасы, Әзербайджан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Илхам Әлиевтің бастамасымен шақырылған бул Саммитке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан және Түркі Кеңесінің Бас Хатшысы Бағдад Әміреев қатысады.
Бейнеконференцияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Доктор Тедрос Адан Гебреис та болады Саммитте мемлекет басшылары коронавирус індетіне қарсы күреске ұлттық деңгейде қабылданған шаралар, денсаулық сақтау саласында көпжақты ынтымақтастықты дамыту және өңірде COVID-19 өршуі туындатқан ортақ мәселелерді шешу туралы пікір алмасады.
Олар коронавирустың ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсерін жою жолдарын талқылап, дағдарыс уақытында және пандемиядан кейінгі кезеңде сауда экономикалық қатынастарды жалғастыру және кедергісіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін болашақта бірлескен күш-жігер мен ортақ шараларды қабылдау мәселелері төңірегінде пікір алысады.
Мемлекет басшылары саммиттың бірлескен Декларациясын қабылдайды.