Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі

Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 8 сәуір - Иран тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар елдеріндегі COVID-19 коронавирустық инфекцияға қатысты жағдайды, сондай-ақ оның таралуына қарсы күрес шараларын талқылады.

Тараптар сондай-ақ көлік-логистикалық транзит мәселелерін талқылап, жүк тасымалын кедергісіз жүзеге асыруды сақтау қажеттігіне назар аударды.