Қазақстан мен Мысыр ағымдағы жылы жемісті ынтымақтастыққа ниетті

Қазақстан мен Мысыр ағымдағы жылы жемісті ынтымақтастыққа ниетті

Астана, 2023 жылғы 4 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыштың Мысыр Араб Республикасының  Қазақстандағы Елшісі Манал Әл-Шиннауимен кездесуі өтті. 

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне тоқталып, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы іс-шараларды бірлесіп атсалысуға дайындығын растады. 

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ағымдағы жылы ынтымақтастықтың барлық салаларында әріптестікті нығайту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуге келісті.