Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан сімаралық консультациялары өтті

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан сімаралық консультациялары өтті

Алматы, 2023 жылғы 30 наурыз – Қазақстан мен Қырғызстан сімаралық консультациялары өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш, ал қырғыз делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмаз Иманғазиев бастады.

Келіссөздер барысында тараптар күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелерді және Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығының өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастық, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ көші-қон мәселелері көтерілді.

Консультация қорытындысы бойынша ынтымақтастықты екіжақты форматта жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.