Тбилисиде Қазақстан мен Грузияның сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың кезекті раунды өтті

Тбилисиде Қазақстан мен Грузияның сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың кезекті раунды өтті

Тбилиси, 2023 жылғы 15 наурыз – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвилидің төрағалығымен Қазақстан-Грузия саяси консультацияларының кезекті 10-шы раунды өтті.

Іс-шара барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, алдағы іс-шараларға дайындық барысын қарастырды, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сауда және инвестициялар, көлік және логистика, туризм, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қорытындысы бойынша тараптар достық және өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Грузин қатынастарының оң динамикасы мен табысты дамуын жоғары бағалады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге жәрдемдесу мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруғы ниетін растады.