Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Түркия Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай  Түркия Елшісімен кездесу өтті

Астана, 2023 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Түркия Республикасының Елшісі Уфук Екиджимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың екіжақты және көпжақты перспективаларын талқылады.

Қ. Тумыш кездесу барысында Елшіге Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін алғысын білдіріп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атынан естелік сыйлықты табыс етті.