
Астана, 2023 жылғы 21 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Израиль Мемлекетінің Елшісі Эдвин Глусманмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы әріптестіктің динамикасын жалғастыруға уағдаласты.