ҚР СІМ басшысының Оман елшісімен кездесуі туралы

ҚР СІМ басшысының Оман елшісімен кездесуі туралы

Астана, 2023 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығының Астанадағы Елшісі Мұхаммед Әл Бахраниді қабылдады.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және логистикалық салалардағы екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Министрдің Маскатқа алдағы сапарын талқылады.

М. Тілеуберді «Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі» ынтымақтастығының диалогтық форматы шеңберінде өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.