ҚР СІМ басшысының Малайзия елшісімен кездесуі туралы

ҚР СІМ басшысының Малайзия елшісімен кездесуі туралы

Астана, 2023 жылғы 13 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Малайзияның Астанадағы Елшісі Саид Бакри бин Саид Абдул Рахманды дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын қорытындылады.

М. Тілеуберді малайзиялық дипломатқа Астанадағы жұмысы барысында Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту мен дамытуға күш салғаны үшін алғыс айтып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Елшіге жоғары награда – II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. С. Бакридің Астана мен Куала-Лумпур арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі мемлекет халықтарын жақындастыруға қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Өз кезегінде С. Бакри оның еңбегіне берілген жоғары бағаға шын жүректен алғысын және оның жұмысына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.