Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде

Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде

Астана, 2023 жылғы 6 қаңтар – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Тәжікстан Республикасының Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай (1993 ж. 7 қаңтар) мемлекет басшылары атынан құттықтау хаттары табыс етілді.

Кездесу барысында осы кезеңде екі ел арасында үлгілі қатынастар құрылып, қарқынды саяси диалог орнатылып, сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейіп, мәдени-гуманитарлық байланыстар нығайып келе жатқаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ғасырлар бойғы достық пен өзара сыйластық байланыстарына негізделген қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігі мен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге өзара мүдделілігі расталды.