​Болгарияның Елшісі Васил Петков Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапатталды

​Болгарияның Елшісі Васил Петков Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 27 маусым – Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен біздің елдегі дипломатиялық қызметі аяқталған Болгарияның Елшісі Васил Петковқа Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын табыс етті.

Елімізде төрт жарым жыл жұмыс істеген болгарлық дипломат екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты белсендіруге зор үлес қосқаны үшін жоғары деңгейдегі марапатқа ие болды.

Кездесу барысында Б. Атамқұлов, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жолында В. Петков жемісті істер атқарғанын атап өтіп, Қазақстан мен Болгария арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстардың қарқындылығының артуын оның жарқын куәсі ретінде келтірді.

«Өткен жылы біздің елдеріміз Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25-жылдығын атап өтті. Парламентаралық өзара іс-қимыл белсенді дамуда, Қазақстан-болгарлық сауда палатасы қызмет етуде, мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынасымыз жемісті дамуда», - деді Министр.

Қазақстандық бастамаларға қолдау көрсеткені, сондай-ақ екіжақты салаларда және халықаралық аренада ынтымақтастықты одан ары нығайтуға деген ниеті үшін Б. Атамқұлов Болгарияға алғысын білдірді.

Сыртқы істер министрі Болгария дипломатына оның бұдан ары жалғасатын дипломатиялық қызметіне табыстар тілеп, ол әр кезде Қазақстанда құрметті қонақ болатынын жеткізді.

Болгария Елшісі қазақстандық-болгарлық ынтымақтастығын нығайту жолындағы қызметте тиімді өзара іс-қимыл мен қолдау көрсетілгені үшін Қазақстан басшылығына ризашылығын білдірді.