
Астана, 2022 жылғы 15 желтоқсан – «Stadler Rail AG» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулердің Қазақстанға іс-сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мен «Stadler Rail AG» компаниясы арасында отандық вагон жасау зауыты базасында швейцариялық технология бойынша жолаушылар вагондарын жасауға келісім-шарттарға қол қойылды.
Бұл келісімдер 2021 жылғы 29 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары барысында қол қойылған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Stadler Rail AG» компаниясы арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде жасалды.
Алдыңғы күні Ақордада Мемлекет басшысы мен П. Шпулер Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Швейцариялық «Stadler Rail AG» компаниясының жоспарында вагон шығаратын зауытты жаңғырту, қазақстандық алюминийді пайдалану және толық өндіріс циклін құру бар. П. Шпулер 2030 жылға қарай локализация деңгейін 35 пайызға жеткізу ниеті туралы, сондай-ақ қазақстандық өнімдермен экспорттық нарыққа шығу жоспарлары туралы айтты.
Stadler компаниясы 2023-2030 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тобына арналған 537 жолаушылар вагондарын жасауды ұйымдастыру үшін зауыттың өндірістік алаңдары мен жабдықтарын жаңғыртуды көздеп отыр. Жобаның жалпы құны 2,3 миллиард еуроны құрайды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Stadler компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде жолаушылар вагондары паркінің техникалық жағдайын айтарлықтай жақсартуға, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға қол жеткізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар швейцариялық компания Қазақстан Үкіметімен Инвестициялық келісім жасасуды жоспарлап отыр. Келісім бірқатар қаржылық преференцияларды, заңнаманың тұрақтылығының кепілдіктерін, отандық жеткізушілерден шикізатты жеткізуді, сондай-ақ инвестордың технологиялар трансферті, жергілікті кадрларды оқыту, өнеркәсіпті оқшаулау деңгейі бойынша міндеттемелерін қарастырады.
Stadler компаниясы – жоғары сапа деңгейімен, заманауи жабдықтармен және бірегей ноу-хау технологияларымен сипатталатын жылжымалы құрамның ірі еуропалық өндірушісі. Швейцариялық компанияның жылжымалы құрамы 45 елде, соның ішінде қысы қатал Скандинавия елдерінде қолданылады, өйткені оларда ауа жылыту және қосымша жылытқыштармен кондиционер бар, дизель және электр қуатымен жұмыс істейді.