Швецияның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Швецияның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Астана, 2022 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швеция Корольдігінің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Ева Пуланодан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Швеция ынтымақтастығының қазіргі күйі мен келешегін талқылады.

Р. Василенко екіжақты әріптестіктің өзара қызығушылық тудыратын барлық негізгі бағыттар бойынша серпінді дамып отырғанын атап өтті. Сұхбат барысында Елшіге Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы да ақпарат берілді.

Е. Пулано сауда саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ұмтылысын білдіріп, өзіне оның көлемін едәуір арттыру міндетін қойғанын жеткізді.

Сұхбат соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.