Астана, 2022 жылғы 8-9 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры Николай Жұмақановтың төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрліктері құқықтық қызмет басшыларының консультативтік комитетінің 33-ші отырысы өткізілді.
Отырысқа Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасының делегациялары, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілі қатысты.
Кездесу барысында тараптар Достастық шеңберіндегі ынтымақтастық аясындағы халықаралық-құқықтық тәжірибенің өзекті мәселелерін талқылап, өзара мүдделі салаларда құқықтық реттеу бойынша тәжірибе алмасты. Іс-шараның қорытындысы бойынша отырыс Хаттамасы қабылданды.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктері құқықтық қызмет басшыларының консультативтік комитеті 2004 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында қабылданған ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен құрылды. Консультативтік комитеттің отырыстары Комитет мүшелері бірінің төрағалығымен жылына екі рет өткізіледі.