ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси жоспарлау бойынша сімаралық консультациялары туралы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси жоспарлау бойынша сімаралық консультациялары туралы

Астана – Минск, 2022 жылғы 5 желтоқсан – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының көпдеңгейлі сімаралық консультацияларының жоспары шеңберінде бейнеконференция байланыс форматында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жыл сайынғы отырысы СІМ сыртқы саяси жоспарлау департаменттері директорларының деңгейінде өтті.

Консультацияларға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, сондай-ақ ТМД атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары Әмір Сұлтанғожин қатысты.

Достастыққа қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси жоспарлауы, сонымен қатар әлемдегі және ТМД кеңістігіндегі жағдай дамуының негізгі үрдістері сияқты мәселелер талқыланды. Тараптар келесі жылы «ТМД мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрліктерінің сыртқы саяси жоспарлауы» тақырыбына сімаралық консультациялар өткізу туралы келісті.