
Астана, 2022 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Канада Премьер-Министрінің ЕО және Еуропа жөніндегі арнайы өкілі – Канаданың Франциядағы Елшісі Стефан Дионмен және канадалық сенаторлармен жеке кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады. 2022 жылғы 20 қарашада өткен президент сайлауының қорытындыларына, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларға ерекше назар аударылды.
Президенттік сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатысқан канадалық сенаторлар Виктор Оу мен и Жан Ги Дажэнэ сайлау нәтижелерімен құттықтап, халықаралық стандарттарға сай сайлау үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің бағытын қолдаған сайлаушылардың белсенділік танытқаны ерекше аталды. Сенаторлар сауда-инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттанушылық білдірді, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін растады.
Канада Премьер-Министрінің арнайы өкілі қазақстандық тарапты кезектен тыс президенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, канадалық тараптың Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған ауқымды реформаларын жүзеге асыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Тараптар Қазақстан-Канада қарым-қатынастарының ілгері дамып келе жатқанын айтып, екіжақты көпқырлы ынтымақтастықтың әлеуетін одан әрі ашуға өзара ниетін растады.