Қазақстан СІМ-де Мексикамен парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан СІМ-де Мексикамен парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

Астана, 2022 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Мексиканың Бас конгресі Депутаттар палатасының делегациясы, «Қазақстан-Мексика» достық тобының мүшелерімен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында сұхбаттастар парламентаралық және саяси диалогтың дамуын, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады. Өсудің жоғары динамикасын көрсететін тауар айналымын кеңейтуге ерекше назар аударылды. 

Мексика депутаттары жылы қабылдау үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.