
Исламабад, 2020 жылғы 28 ақпан – Екі ел сыртқысаяси қызметтерінің деңгейінде қазақ-пәкістан қатынастарының тарихында тұңғыш рет орын алған екіжақты саяси консультациялар отырысы өтті.
Бұл іс-шара үстінде қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш.Нұрышев, ал Пәкістан делегациясын Сыртқы істер министрілігінің Хатшысы (Бірінші орынбасар) Сохейль Махмуд басқарды.
Консультациялар барысында тараптар саяси салаға жататын екіжақты ынтымақтастық пен әлемдік және өңірлік қауіпсіздік күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер төңірегінде, әсіресе Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға қатысты ой алмасты.
Атап айтқанда, іс-шара барысында жоғары және ең жоғары саяси деңгейде екіжақты сапарларды ұйымдастыру жұмысын қолға алу мәселелері, заң-шарт кұжаттар жинағының қазіргі жағдайы, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты арттыру және алуан түрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде еларалық ықпалдастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар екіжақты заң-шарт кұжаттарының жинағын одан әрі жетілдіруге және саяси консультациялардың өткізуіне тұрақты сипат беруге уағдаласты.
Жалпы Қазақстан мен Пәкістан делегацияларының басшылары екі ел арасында өзара саяси ынтымақтастықтықты жандандыруға және нығайтуға мүдделі екенін растады.
Сол күні Ш.Нұрышевтың Пәкістанның коммуникация мәселелері жөніндегі Федералдық министрі М.Саид мырзамен, пәкістан бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар қауымдастығының көрнекті өкілдерімен, сондай-ақ әскери және бейбітшілік орнату салалары шеңберінде екіжақты ынтымақтастық барысын талқылау мақсатпен Пәкістан қорғаныс министрілігінің басшылығымен де кездесті.