Дипкорпус коронавирус инфекциясын алдын-алу шараларымен таныстырылды

Дипкорпус коронавирус инфекциясын алдын-алу шараларымен таныстырылды

Сыртқы істер министрлігінде Нұр-Сұлтан қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын-алуды күшейту шараларын түсіндіру жөніндегі брифинг өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тараппен қолға алынған шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Іс- шара қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері шетелдік қонақтардың сұрақтарына жауап берді.